
Стоковые изображения от Depositphotos
Абай облысында «Ана тілі күніне» арналған «Quizz» сайысы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Интелектуалды ойынды облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, ұлттық мәдениетті насихаттау.
Зияткерлік ойынға 8 команда қатысты. Сайыс 7 кезеңнен тұрды және әр кезеңде қатысушыларға қазақ халқының тарихы, ғылымы, өнері, әдеби мұралары туралы сұрақтар қойылды.
Ойын нәтижесі бойынша ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері жақсы нәтиже көрсетіп, үздік үштікке кірді.
Шекарашылар сайыс барысында өздерінің білім деңгейін көрсетіп, қазақ тілін меңгерудегі жоғары дайындықтарын дәлелдеді.
«Бұл жетістік – ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілерінің тек әскери дайындықта ғана емес, сонымен қатар ұлттық мәдениет пен тілді дәріптеуде де белсенді екенінің айқын көрінісі», — деді шекарашылар.
Сурет: ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press