
Стоковые изображения от Depositphotos
Шекаралық бақылау кезінде ірі көлемдегі қолма-қол ақшаның заңсыз тасымалдануы анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2025 жылғы 2 сәуірде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің Семей шекара басқармасына қарасты «Ауыл» автомобильдік шекаралық бақылау бөлімшесінің шекара наряды «Семей – Новосибирск» бағытында кетіп бара жатқан Volkswagen маркалы көлікті тоқтатты.
«Көлік жүргізушісі – И.Е. есімді ҚР азаматы. Автокөлікті тексеру барысында оның жеке қол сөмкесінің қалтасынан 10 000 АҚШ доллары мен 1 000 000 Ресей рублі көлеміндегі қолма-қол ақша табылды.
Аталған азамат Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысының 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығының 1-тармағына сәйкес, елден шығарылмай, өткізу пунктінен кері қайтты», — делінген хабарламада.
Табылған қаражат тексерілгеннен кейін, оның иесіне қайтарылды.
Сурет: ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press