Популярные темы

Абай облысы ҚАЖ департаментінің мекемесінде қызметтік форманы ұлттық киімге алмастырды

Дата: 18 марта 2025 в 18:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысы ҚАЖ департаментінің мекемесінде қызметтік форманы ұлттық киімге алмастырды
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты 21-мекемеде Наурыз мерекесінің онкүндігі аясында Ұлттық киімдер күні ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Бұл шараны мекеменің тәрбие бөлімі қызметкерлері өткізді.

Шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениетін ұрпақ жадында жаңғырту. Ұлттық киімдерді кию арқылы қызметкерлер қазақтың бай мәдени мұрасын танытып, ата-бабадан қалған асыл мұраны насихаттады.

Мекеме аумағында өткен іс-шарада әрбір қатысушы қазақтың ұлттық киімдерін киіп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Киім үлгілері арқылы халқымыздың ғасырлар бойғы сәндік дәстүрлері көрініс тапты. Сонымен қатар, қатысушылар ұлттық киімдердің тарихына тоқталып, олардың ерекшеліктері туралы ой бөлісті.

«Тәрбие бөлімінің қызметкерлері бұл бастаманың маңыздылығын атап өтіп, мұндай шаралардың ұлттық рухты көтеруде, дәстүрлерді жаңғыртуда маңызды рөл атқаратынын жеткізді. Ұлттық киімдер күні – тек сыртқы көрініс қана емес, сонымен қатар рухани сабақтастықтың көрінісі», — дейді мекеме қызметкерлері.

Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар мекемеде жалғасуда. Ұлттық дәстүрлерді насихаттау – қоғамның рухани дамуының бір бөлігі, сондықтан осындай мерекелік бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Сурет: ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями