
Стоковые изображения от Depositphotos
Семейде жол-көлік оқиғасы орын алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін Семей қаласында Щорса көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды. Алдын ала мәліметтер бойынша, Audi автокөлігінің жүргізушісі озып бара жатып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, қарсы бағытта келе жатқан ВАЗ 2114 көлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер бар, оларға медициналық көмек көрсетілуде. Қазіргі уақытта оқиға орнында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жұмыс істеп, барлық мән-жай анықталуда.
Полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және көлік басқару кезінде мұқият болуға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әр жүргізушінің жауапкершілігі.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press