Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақ халқының әдеби мұрасын дәріптеу мақсатында еліміздің 16 өңірінен жүз отыздан астам мектеп оқушылары Ұлы ақынның өлеңдерін оқып, өз бақтарын сынады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сайыс қорытындысы шығарылды. Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында өткен XXIV Республикалық «Абай оқулары» байқауы 6 номинация бойынша өтті: «Көңілім әнді ұғады», «Ұлылар әлемі», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда».
Байқау қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен 13 қатысушы, II дәрежелі дипломмен 19 қатысушы және III дәрежелі дипломмен 24 қатысушы марапатталды.
«Абай оқулары» сайысы барысында қатысушылар үшін Семей қаласының көрікті жерлеріне және Жидебай еліндегі Абай қорық-музейіне экскурсия ұйымдастырылды.
Айта кетейік, «Абай оқулары» республикалық байқауы 2000 жылдан бері өткізіліп келеді. 24 жыл ішінде 3000-ға жуық оқушы өз бақтарын сынап, оның 1100-ден астамы жеңімпаз атанды.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press