Arna Press,
04 февраля 2025
в 19:28
2025 жылдың 4 ақпанындағы үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Көлік министрі Марат Қарабаев 100 миллиард теңге кіріске жету үшін қандай жол учаскелерінен ақы алынатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Көлік министрлігінің басшысы Қарағанды-Алматы бағытындағы жолдың құрылысы аяқталғанын – бұл учаскелер ақылы жолға айналып, кезең-кезеңімен ақы төленетінін атап өтті.«Қызылорда-Арал тас жолы да ақылы жолға айналады, бірақ тек коммерциялық қызметпен айналысатын ауыр жүк көліктері үшін, жеңіл көліктер үшін бұл тегін қалады.
Arna Press,
04 февраля 2025
в 13:18
2025 жылдың наурыз айында қазақстандықтар қатарынан бес күн демалады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде бес күндік жұмыс аптасы үшін – үш күн қатарынан демалыс болады. 8, 9 және 10 наурыз сенбі, жексенбі, дүйсенбі күндеріне келеді. Ал алты күндік жұмыс аптасы үшін – екі күн қатарынан 8 және 9 наурыз, яғни сенбі, жексенбі демалады.Наурыз мерекесінде бес күндік жұмыс аптасы үшін – бес күн қатарынан: 21, 22, 23, 24 және 25 наурыз жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі, сейсенбі.Алты күндік жұмыс аптасы үшін – төрт күн қатарынан: 21, 22, 23 және 24 наурыз (жұма, сенбі, жексенбі, дүйсенбі).Жалпы наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер үшін 8 күн мереке болады.
Arna Press,
03 февраля 2025
в 19:58
Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында сапалы білім беру кезең кезеңмен жүзеге асырылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 460 мың орындық 217 заманауи мектептің құрылысы жоспарланған, оның ішінде 105 мектеп 2024 жылы салынды.«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сай келетін тегін білім алу мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталған.Бастама жайлы мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, балалардың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға ықпал ететін орта қалыптастырады.«Жайлы мектептердің көлемі типтік мектептерге қарағанда, 15-20%-ға кең, сондай-ақ техникалық жарақтануы да 4 есе артық.
Arna Press,
03 февраля 2025
в 19:58
Биылғы көктемде Абай облысындағы стратегиялық маңызды нысандардың бірі – Шүлбі су қоймасында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында кең ауқымды оқу-жаттығу өтеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы жұмылдыру даярлығы және азаматтық қорғау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Көлемі 6 шаршы шақырымды, ұзындығы 72 шақырымға дейін созылатын Шүлбі су қоймасы – өңірдегі стратегиялық маңызы зор нысан.
Arna Press,
03 февраля 2025
в 19:58
Қазақстанда екі жылда 32 апатты және 71 үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін тауып, ел аумағындағы 200 мектепте оқушы орны тапшылығы жойылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оған осы уақыт аралығында қолданысқа берілген мектептердің рекордтық саны ықпал етті – жарты миллион оқушы орнына арналған 422 мектеп салынды.Қазіргі таңда елімізде 8000-ға жуық орта білім беру ұйымы бар.
Магнолия,
30 января 2025
в 18:58
Тіл – біздің бірлігіміздің негізі, халқымыздың ұлттық байлығы. Елімізде тілдерді құрметтемеу аясындағы іс-шаралар жалғасуда. Біздің мақсатымыз – көптілдік, ана тіліміз – қазақ тілі. Оның мағынасын түсіндіру, елмізде қолдану аясын кеңейту мақсатында жыл сайын маусым, қыркүйек айларында тілдердің дәстүрлі мерекелері, конкурстар, және т.б. іс-шаралар өткізіледі.
Arna Press,
28 января 2025
в 00:08
Өткен жылдың қыркүйегінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіге қатысты апелляциялық сот өтті. Arnapress.kz тілшісі орын алған жағдайдың мән жайын және бұл іске қандай нүкте қойылғанын білді.Қайғылы оқиға өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. 21 жастағы Аяжан Нұрмадиева К.Бозтаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда, джип автокөлігі оны қатты жылдамдықпен қағып кеткен.
Arna Press,
24 января 2025
в 18:48
2024 жылы 364 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Абай облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды дамып, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіштер айтарлықтай жақсарған. Жүздеген отбасы баспана мәселесін шеше алды.Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мақсатында жалға берілетін 79,5 мың шаршы метр тұрғын үй сатып алынды.
Arna Press,
24 января 2025
в 16:38
Қала әкімдігі жаңа ғимаратқа көшті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Облыс орталығындағы бұрынғы «Ертіс» қонақ үйі күрделі жөндеуден өткізіліп, әкімдіктің салалық бөлімдері мен кейбір басқармаларға берілді.Көп қабатты ғимарат адам танымастай өзгерген. Әкімдік қызметкереріне қолайлы болу үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Arna Press,
24 января 2025
в 15:18
2024 жылы Абай облысында осы қауіпті құқық бұзушылық үшін 21 633 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Бағдаршамның қызыл түсіне өту – бұл жай ғана ереже бұзу емес, ол жолдағы өмір мен қауіпсіздікке нақты қауіп төндіреді. Алайда көптеген жүргізушілер асығу немесе ережелерді елемеу арқылы қызыл жарықта өтіп кету тәуекеліне барады», — делінген ПД таратқан хабарламада.Биыл Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қызыл жарыққа өту немесе реттеушінің белгілерін елемегені үшін 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.Егер бұл бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 15 АЕК-ке (58 980 теңге) дейін өседі.
Arna Press,
24 января 2025
в 14:21
2024 жылдың қорытындысы бойынша құқықтық базаны нығайту бойынша үш негізгі заң қабылданды және кішкентай азаматтарды қорғау үшін пәрменді тетіктер енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша қабылданған ҚР Заңының маңызды бастамасы – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоғамға бейімдеу үшін тәлімгерлер институтын құру болды.
Arna Press,
24 января 2025
в 14:21
Өңірде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс саны азайған, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласының жалпы орта мектеп директорлары және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының қатысуымен семинар-кеңес өтті. Семей қаласы ПБ ЖПҚБ бастығы полиция подполковнигі Елдос Оразалин қала бойынша жасөспірімдер ортасындағы қылмыстың жай-күйі және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімше қызметкерлерінің жүргізіп жатқан жұмыстары туралы баяндады.Ішкі істер органдары бұл бағытта айтарлықтай жұмыс жүргізуде, жұмыстың белгілі нәтижелері бар.2024 жылы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қабылданған шаралардың арқасында Семей қаласында кәмелетке толмаған жасөспірімдер қылмысы азайған.Оқу орындарымен ынтымақтастық кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтарды алдын алуға бағытталған тиімді шараларды қабылдауға мүмкіндік берді.Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Arna Press,
24 января 2025
в 12:48
Мемлекет жекеменшік мектептердің бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақтандыруды қамтамасыз ету үшін 12 миллиардтан астам теңге бөлді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.30 желтоқсанда Президент Білім және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды.Негізгі жаңалықтардың бірі жекеменшік мектептердің 1-4 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақтандыру.Жаңа бастама 25 мыңнан астам баланы қамтиды.
Arna Press,
24 января 2025
в 12:48
«ҚазАвтоЖол» мамандары жолда қалған 50-ге жуық көлікті құтқарды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ұйымның Абай облысындағы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Боран саларынан облыстағы кейбір жолдар жабылды. Осы күндері жол саласының мамандары күшейтілген режимде күні-түні кезекшілік атқарып жатыр.Қар құрсауында қалған, жолдан шығып кеткен 50 ге жуық көлікті құтқарған.
Arna Press,
24 января 2025
в 11:48
Абай облысында ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 25 адамды құтқарып, эвакуациялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Семей қаласының Физкультурная көшесіндегі көп пәтерлі тұрғын үйдің 4-қабатында өрт шықты.ТЖМ күштері автосатымен 5 адамды құтқарды, оның ішінде 2 бала және баспалдақ маршымен 20 адамды эвакуациялады.Оқиға орнына тұрғындарды жылыту үшін «Вахтовка» жұмылдырылды. ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері болды.Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді.
Arna Press,
24 января 2025
в 11:48
2025 жылы Қазақстандағы қамқоршылық органдарының штаты 2,5 есеге артады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.2024 жылғы желтоқсанда қабылданған мемлекеттік наградалар, білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ҚР Заңы шеңберінде қорғаншылық және қамқоршылық органдардың штат санын 2,5 есеге ұлғайту жоспарлануда.
Arna Press,
23 января 2025
в 19:48
Абай облысында екі әуежай жұмыс істейді. Биыл екеуінде де жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарланған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы көлік инфрақұрылымын, соның ішінде әуе, автомобиль және теміржол тасымалдарын белсенді дамытуда.
Arna Press,
23 января 2025
в 18:38
Абай облысы Полиция департаментінде тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша мамандандырылған бөлім ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл бөлім тек жаңа құрылым ғана емес, бұл – зардап шеккендерге жедел көмек көрсету, тиімді алдын алу шараларын қабылдау және азаматтармен тығыз қарым-қатынас жасаудың кепілі.
Arna Press,
23 января 2025
в 16:18
Өткен жылдың қыркүйегінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізушіге қатысты апелляциялық сот өтті. Arnapress.kz тілшісі орын алған жағдайдың мән жайын және бұл іске қандай нүкте қойылғанын білді.Қайғылы оқиға өткен жылдың қыркүйек айында орын алған. 21 жастағы Аяжан Нұрмадиева Бозтаев көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқанда, джип автокөлігі оны қатты жылдамдықпен қағып кеткен.
Arna Press,
22 января 2025
в 20:28
Бас прокуратураның арнайы прокурорлары «Семей орманы» өртіне қатысты барлық қылмыстық істің соңғы нүктесін қойды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «Семей орманы» МОТР» РММ өрттің сөндіруін қамтамасыз етпеген уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.Осылайша, Резерваттың Бас директорының міндетін атқарушы мен Новошулбинск филиалының директорына қатысты қылмыстық іс сотқа жіберіліп, оның шешімімен фигуранттар 2024 жылғы мамырда абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК-нің 292-бабы 3-бөлігі), әрқайсысына 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.2024 жылғы тамызда Абай облыстық апелляциялық соты үкімді өзгеріссіз, сондай-ақ сотталғандардың, адвокаттардың және қорғаушылардың шағымдарын қанағаттандырусыз қалдырды.2024 жылғы қазанда келесі қылмыстық іс бойынша Семей қаласының №2 соты Резерваттың ақпараттық технологиялар және байланыс бөлімінің бастығын абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық фактісі (ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігі) бойынша мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 3 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.Сондай-ақ, былтырғы жылғы қазанда Бородулиха аудандық сотының шешімімен «Қазақ ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» РМҚК бас директорының міндетін атқарушысына қатысты шешім шығарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында 2 жыл мерзімге лауазымды атқару құқығынан айыра отырып, ҚК-нің 371-бабы 2-бөлігімен 2 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті.Осылайша, барлық кінәлі жазаның әртүрлі мерзімдеріне сотталды.
Arna Press,
22 января 2025
в 14:18
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі кешенді жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан сауда үстемесін 15%-дан асырмау бойынша 20 аймақтық комиссия өтіп, олардың барысында әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты 49 заң бұзушылық анықталды.
Arna Press,
21 января 2025
в 20:38
Пара бергендер ғана емес, оны беруге тырысқандар да қылмыстық жауапқа тартылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл өзгеріс «Жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң жобасында қарастырылған.Қылмыстық кодекс жаңа 247/1-баппен толықтырылды. Бұл бап жемқорлық әрекеттерді жасауға оқталғандар үшін екі жылдан аса бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Өзгеріс пара алушы мен берушіні тең дәрежеде жауапкершілікке тартып, әділдік принципін күшейтуді көздейді.Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ішкі істер министрлігіне баламалы тергеу жүргізу құқығы берілмек.
Arna Press,
21 января 2025
в 19:38
Семейдегі ескі көпір уақытша жабылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Қалалық әкімдік жасаған хабарламада, ескі көпірде қар тазалау жұмыстары жүргізілетіні жайлы жазылған.«Жабылу уақыты 21 қаңтар, сағат 21:00-ден 22 қаңтар, сағат 06:00-ге дейін. Маршруттарыңызды алдын ала жоспарлап, уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Arna Press,
21 января 2025
в 19:38
Әлеуметтік желілерде қазақстаның әуежайларында ұмыт қалған немесе жоғалған чемодандарды сату туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Онда «қайырымдылық шарасы» аясында талап етілмеген багаж бар болғаны 1099 теңгеге сатылатыны туралы айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз хатшысы Науат Айтуғанова бұл ақпаратты «алаяқтық әрекет» деп атады.
Arna Press,
21 января 2025
в 13:18
Конституциялық сот Қазақстандағы бейбіт жиналыстарға қатысты ережелерді түсіндірді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Астана қаласының әкімдігі өтініш субъектісіне көрсетілген кезеңде бұрын келісілген іс-шаралардың өткізілуіне байланысты бейбіт жиналысты ұйымдастырудан бас тартқан. Өтініш берушінің пікірінше, заңның аталған ережелері жергілікті атқарушы органдарға бейбіт жиналыс ұйымдастырушыға өткізу орнын және уақытын өзгерту туралы алдын ала балама ұсыныс жібермей, оны өткізуден өз бетінше бас тартуға мүмкіндік береді, бұл бас тартудың мөлшерлестігі және оның ықтимал қатер дәрежесі мәселесін шешпейді.Конституциялық соттың қорытындысыКонституциялық Сот тексеру қорытындысы бойынша Заңның 11-бабы 1-тармағы бірінші бөлігі 2) мен 3) тармақшаларын Конституцияға сәйкес деп таныды.
Arna Press,
21 января 2025
в 11:48
Шемонаиха ауданының тұрғыны кек аламын деп, сол аудан тұрғынының сарайын өртемекші болған, бірақ мекен-жайын щатастырып алған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шемонаиха аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғыны өз үйінің аумағындағы шаруашылық қораның өртенгені туралы хабарлаған.Аталған факті бойынша «Өзгенің мүлкін қасақана өртеу арқылы жою немесе бүлдіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.Тергеу барысында 27 жастағы ауыл тұрғынының көршісімен болған араздықтың салдарынан оның мүлкін әдейі өртемек болғаны анықталған.«Ол өзімен бірге бензин толтырылған пластикалық бөтелкені алып, шаруашылық құрылыстың ағаш қабырғасын өртеген.
Arna Press,
20 января 2025
в 20:58
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мобильді аударымдарды тексеру бойынша қосымша ережелерді қабылдауға қатысты түсініктеме берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Комитетте бұл түзетудің неліктен енгізілгені түсіндірілді. Жеке кәсіпкер ретінде міндетті мемлекеттік тіркеудің Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жеке кәсіпкерліктен Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен (ЕТЖ) асатын мөлшерде жылдық табысы бар жеке тұлғалар жатады. Қазір ең төмен жалақы — 85 мың теңге.«Осылайша, егер жеке тұлғаның жеке кәсіпкерліктен бір жыл ішінде жылдық табысы 12 еселенген ЕТЖ-дан кем болса, оның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеуге құқығы бар.
Arna Press,
20 января 2025
в 14:18
Абай облысында алаяқ грантқа түсіруге уәде беріп, 1,6 миллион теңге алдап алған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2024 жылғы маусым айында өзін «Ермекжан» деп таныстырған белгісіз ер адам оның қызын оқу орнына грантқа түсіруге көмектесемін деп, алдау жолымен 1 600 000 теңге көлемінде ақша иемденіп алған.2025 жылғы 19 қаңтарда жедел қызметкерлер күдікті ретінде 26 жастағы Семей қаласының тұрғынын ұстады.«Ол кінәсін мойындады, бірақ ұрланған ақшаны қайтару мүмкін болмады, себебі ол қаржыны жұмсап үлгерген.
Arna Press,
20 января 2025
в 14:18
2025 жылдың 5 сәуірінен бастап мопедтер ресми түрде моторлы көлік болып саналады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл оларды пайдалану үшін келесі құжаттар мен процедуралар қажет болады дегенді білдіреді:Осыдан кейін сіз өтініш толтырып, мопедті тексеруден өткізіп, мемлекеттік бажды төлеуіңіз керек.«Маңызды: 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалануға және жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізуге тыйым салынады. Құқық бұзушылықты болдырмау үшін мопедіңізді тіркеп, куәлік алуды ұсынамыз», — деді Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Арай Төлегенқызы.Сурет: unsplash
Arna Press,
15 января 2025
в 17:58
Семей әуежайы амбулаториялық лифтке ие болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семей қаласының халықаралық әуежайы жолаушыларға ыңғайлы және қауіпсіз қызмет көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кедергісіз қатынауы үшін амбулаториялық лифт сатып алынды.«Амбулаториялық лифт жай ғана құрал емес, кешенді техника.