Популярные темы

Қазақстандағы шетелдіктерге QR-коды бар карталар беріледі

Дата: 05 февраля 2025 в 12:58


Қазақстандағы шетелдіктерге QR-коды бар карталар беріледі
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электронды көптілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.

QR-коды бар алғашқы карточкалар Астананың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады.

SafeTravel.kz-те:

«Жүйе туристердің қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар шетелдік инвестициялар үшін қолайлы әрі тиімді орын ретінде Қазақстанға деген сенімді арттыруға бағытталған», — деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.


Сурет: Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями