Популярные темы

Тұман және жел: 5 ақпандағы ауа райы болжамы

Дата: сегодня в 10:58


Тұман және жел: 5 ақпандағы ауа райы болжамы
Стоковые изображения от Depositphotos

Синоптиктердің болжамына қарағанда 5 ақпанда Астанада және республиканың 13 өңірінде ауа райы қолайсыз болады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының батысында тұман, көктайғақ.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын, ал оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Мұғалжар ауданында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Павлодар облысының солтүстігінде аздаған қар жауады, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с-ке жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні — 15-20 м/с.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні кей уақыттарда 30 м/с және одан асады. Түнде облыстың орталығында, таулы аудандарында 27 градус аяз болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың тау асуларында күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Сурет: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями