Стоковые изображения от Depositphotos
Астанадан Көкшетауға дейінгі жол қолайсыз ауа райына байланысты жабылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
«Ақмола облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Астана-Петропавл» автожолының (18-304 шақырым аралығы) Астанадан Көкшетауға дейінгі учаскеде автокөліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды», — делінген хабарламада.
Ведомство бұл учаске 2024 жылғы 11 қазанда сағат 17:00-де жабылғанын мәлімдеді.
Сурет: gov.kz
По сообщению сайта Arna Press