Стоковые изображения от Depositphotos
Мақсаты — балаларды дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық мектеп лигасы 9 спорт түрінен өтеді: баскетбол, футбол, волейбол, тоғызқұмалақ, гандбол, шахмат, асық ату-бес асық, жеңіл атлетикалық кросс, үстел теннисі
Волейбол жарысы 3 маусым күні басталып, 9 маусымға дейін жалғасады. Ал бүгін ұлдар мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан жарыс босталды. Жиыны 19 облыстан 5-6 сынып оқушыларынан 1000 — нан аса қатысушы жиналды.
«Дарын» РҒПО-ның жетекші сарапшысы Жұлдыз Қабдылрахметовна ұлттық мектеп лигасының ашылуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі
Лига қорытындысы бойынша жеңімпаздар диплом, медаль, кубокпен марапатталады.
Айта кетейік, ұлттық лига бір ай өтеді. Ресми жабылуы маусым айының аяғына жоспарланған. Ұйымдастырушысы: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми — практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК.
Сурет: Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press