Популярные темы

Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады

Дата: 04 июня 2024 в 13:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде 1000-нан астам адам Әнұранды бірге шырқады
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласының орталық алаңында өткен ауқымды патриоттық флешмобты ерекше атап өтуімізге болады. Алаңда бір мезетте мыңнан астам семейліктер мемлекеттік Әнұранды шырқады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Іс-шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, ардагерлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері, сарбаздар, тәртіп сақшылары, мемлекеттік қызметшілер, жастар және қала тұрғындары қатысты.

Мереке аясында «Бейбітшілік» аралынан орталық алаңға дейінгі аралықта веложарыс ұйымдастырылды. Оған 200-ден астам велошабандоз қатысты. Жарыста бақ сынағандар патриоттық флешмобқа да қосылды.

Айта кетейік, бүгін жастар арасында тақырыптық көрмелер, челлендждер мен флешмобтар өтеді.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями