Стоковые изображения от Depositphotos
Абай облысында 40 мыңға жуық жас домбырашылар «Күй күмбірі» челленджіне қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еліміздің барлық білім беру ұйымдарында «Күй күмбірі» республикалық челленджі өтті. Бір уақытта екі миллионға жуық оқушы Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа» және т. б. күйлерін орындады.
Семей қаласында Т.Аманов атындағы №16 мектептің 2-8 сыныптан құралған 60-қа жуық оқушы «Айжан қыз», «Ерке сылқым» күйлерін домбырада орындада орындаса, Ы.Алтынсарин атындағы №37 мектеп-гимназияның 1-9 сынып оқушылары «Салкүрең» күйін ойнады.
Еліміз бойынша челленджге қатысқан ең кішкентай балақайлар Семей қаласындағы Бақыт шағын орталығының тәрбиеленушілері болды.
Домбырашылар челленджі бұл — 2023 жылдан бері Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып келе жатқан Наурыз қарсаңындағы ауқымды республикалық акция.
Сурет: Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press