Стоковые изображения от Depositphotos
Бүгін бүкіл Семей жарықсыз қалды, деп хабаралйды Arnapress.kz тілшісі.
«Белгілі болғандай, сағат 13:30-да «KEGOC» АҚ желілері бойынша ажырату салдарынан Семейде тұтынушыларды электрмен жабдықтауға шектеу қойылды. Нәтижесінде Семей қаласында электрмен жабдықтау уақытша тоқтатылды».
15 минуттан кейін біртіндеп электрэнергиясы біртіндеп тұтынушыларға беріле басталды.
«Сағат 13:45-те электрмен жабдықтау қалпына келтірілді. Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар бригадалары жұмыс істейді», — делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.
Ажыратудың себептері анықталуда.
Оқырмандар жіберген ақпараты бойынша кейбір аудандарда электрэнергиясы әлі қосылған жоқ. Жарықпен бірге су да өшіп қалған.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press