Стоковые изображения от Depositphotos
Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының премьер-министрі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Олжас Абайұлы Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.
Былтыр Бектенов Қазақстан Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Антикор басшысы қызметін атқарып келген.
Еске салайық, 5 ақпанда Қазақстан үкіметі отставкаға кеткен болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы қаулыға қол қойды. Қазақстан Республикасы премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелді.
Сурет: Aqorda.kz
По сообщению сайта Arna Press