Стоковые изображения от Depositphotos
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім министрлігі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар ҚХР жетекші университеттерде жоғары білім ала алады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Шын мәнінде, Қытай — халықаралық студенттер саны ең көп (АҚШ пен Ұлыбританиядан кейінгі) орналасқан үшінші ел.
Қытай үкіметі бакалавриат, магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша 155 оқу грантын ұсынады.
Грант мына шығындарды жабуды көздейді:
Қалған шығындарды грант иегері өз бетінше өтейді.
Қытайдың үздік жоғары оқу орындарының тізіміне Zhejiang University, University of Science and technology of China, Fudan University, Peking University, Tsinghua University және басқа да көптеген жоғары оқу орындары кіреді.
Аталған жоғары оқу орындары QS World University Rankings, Times Higher Education халықаралық рейтингтерінде көшбасшы орындарға ие. Сәулет, азаматтық инженерия, ақпараттық технологиялар, медицина, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардан бастап барлық бағыттар бойынша білім алуға болады.
Қытайға 2024 жылғы 20 ақпанға дейін (қоса алғанда) «Электрондық Үкімет» порталы арқылы жүргізіледі (Egov.kz немесе «Халықаралық бағдарламалар орталығы» офисінде офлайн (Астана қ., Сығанақ 70). Қытайға конкурстық іріктеуге қатысуға үміткерлер 2024 жылғы 20 ақпанға дейін Қытай стипендиялық кеңесінің сайтында онлайн-тіркеуден өтуі тиіс.
Толық ақпаратты және құжаттарды тапсыру жөніндегі нұсқаулықпен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ сайтында танысуға болады.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press