Стоковые изображения от Depositphotos
Көкшетауда такси жүргізушісі мас күйде жолаушыларды тасымалдаған, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
24 қаңтарда полиция патрульінің назарын Chevrolet Cobalt автокөлігі аударды, оның жүргізушісі танымал такси қосымшасының сәйкестендіру жапсырмаларына қарамастан, жолда «дрифт» жасап, қозғалыстың басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндірді. Құжаттарды тексеру үшін полиция қызметкерлері бұл автокөлікті Уәлиханов көшесінде тоқтатты.
Іс жүргізу барысында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын ер адам мас күйде көлік жүргізгені анықталды, оны кейіннен медициналық сараптама растады. Заң бұзушылық анықталған кезде, көлік салонында екі жолаушы болды, олардың айтуынша, жүргізушінің мас күйде екенін байқамаған.
Ер адамның өзі 2 бөтелке сыра ішкенін мойындап, такси жүргізушісі ретінде жұмысын жалғастырғанын айтты.
Тәртіп бұзушыға қатысты полиция мас күйде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік хаттама жасады. Ақмолалық 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылады.
Айта кетейік, өткен жылы мас жүргізушілердің кінәсінен Ақмола өңірінде 38 жол-көлік оқиғасы орын алып, 8 адам қаза тауып, 50-ден астам адам түрлі жарақат алған.
Сурет: Polisia.kz
По сообщению сайта Arna Press