Стоковые изображения от Depositphotos
Абай облысында көлік жүргізушісі рульде ұйықтап қалған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты 9 қаңтар күні кешке Омбы-Майқапшағай автожолының 659 шақырымында орын алды. Болжам бойынша, 30 жастағы Lada Granta жүргізушісі шаршағандықтан рульде ұйықтап қалған. Қарама қарсы фураға соғылмайын деп, басқаруды жоғалтқан жеңіл көлік кюветке ұшып, аударылды.
Абырой болғанда, ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Сурет: Абай облысы ПД
По сообщению сайта Arna Press