Стоковые изображения от Depositphotos
20 желтоқсанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова 2024 жылы зейнетақысы бойынша қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Келесі жылдан бастап біз ең төменгі шекті тағы 5% көтереміз. Инфляция деңгейіне индекстеу жүзеге асырылады. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін төленетін ынтымақты зейнетақы және 2024 жылғы 1 қаңтарда тағайындалған төлемдері бар барлық зейнеткерлерге индекстеу 7%, инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып жүргізіледі. Зейнетақының орташа мөлшері келесі жылы шамамен 130 мың теңге болады».Светлана Жақыпова
Оның сөзінше, 2023 жылы қазақстандықтардың орташа зейнетақысы 120 мың теңге болған.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press