Стоковые изображения от Depositphotos
Мәжілісте өткен «үкімет сағатында» Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 3,3 миллионнан астам қазақстандық әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қандай жолмен тартуды жоспарлағанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ажар Ғиният цифрлық отбасы картасы негізінде халықтың міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуына талдау жүргізілгенін атап өтті.
«Бүгінде 3,3 миллионнан астам адам сақтандырылмаған, бұл нақты жұмысы жоқ немесе расталған тұрақты табысы, жұмыссыз ретінде әлеуметтік мәртебесі, жоқ өзін-өзін жұмыспен қамтып отырған азаматтар, олар МӘМС жүйесінен тыс қалып отыр. Алынған мәліметтерге сүйене отырып, бюджет қаражаты есебінен сақтандырылмаған С, D, E санаттары арасынан қосымша 1,5 миллион адамды қамту ұсынылып отыр. Бұл мақсатқа 2025 жылы 77 миллиард теңгеден 2030 жылға қарай 85 миллиард теңгеге дейін қажет болады. Бұл шаралар халықтың кем дегенде 90-95 пайызын қамтуды қамтамасыз етеді».Ажар Ғиният
Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі министрдің сөзін түсіндіре келе, сөз қару ұстауға берілетін куәлік пен жүргізуші куәлігін беру жөнінде болып отырғанын атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігі мұндай құжаттарды азамат міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде болған жағдайда ғана беру керек деп есептейді.
«Бұл ереже тек халықты сақтандырылғандар қатарына тарту және медициналық көмек алу үшін ғана қарастырылады. Бұл Батыстың кең тараған тәжірибесі, басқа құқықтар адамға медициналық сақтандырудан кейін ғана беріледі», – деп атап өтті баспасөз қызметі.
Бұған дейін 9 қыркүйекте Павлодар облысының экс-әкімі Әбілқайыр Сқақов «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалуына қатысты пікір білдірді.
Сурет: pixabay
По сообщению сайта Arna Press