Популярные темы

ШҚО полициясының жұмысын енді QR-код арқылы бағалауға болады

Дата: 17 июля 2023 в 15:38


ШҚО полициясының жұмысын енді QR-код арқылы бағалауға болады
Стоковые изображения от Depositphotos

Енді ШҚО полициясының жұмысын QR-код арқылы бағалауға болады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қоғаммен тығыз қарым-қатынас және тұрғындардың кері байланысы — Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі әзірлеп жатқан 2024-2028 жылдарға арналған Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының негізін құраған басты факторлардың бірі.

– Бұл модельдің орталығында адам тұрады, ал мемлекеттік орган мұндай өзара іс-қимылдың нәтижелі болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек. Бұл ШҚО полициясының қызметіне енгізіліп жатқан жаңашылдық – QR-кодқа негіз болды, оның көмегімен қарапайым сауалнама арқылы өтіп, аймақтағы полиция қызметінің сапасын бағалауға болады және қай жерде мәселе бар, оны жою жолдарын анықтауға болады, — деп атап өтті Полиция департаментінің бастығы полиция  генерал-майоры Ерлан Омарбеков.

Олар әрбір патрульдік автокөлікте, полицияның кезекші бөлімінде, сондай-ақ полиция пунктері мен қолжетімді жерлерде орналасқан. Жауаптар Google формасы көмегімен талданады.

Осылайша, нақты уақыт режимінде полиция бөлімшелеріне қанша адам жүгінетінін, қандай мәселелер бойынша және ең бастысы – көрсетілген қызметтің сапасы қанағаттанарлық па екенін көруге болады.

Облыс орталығының тұрғындары да жаңашылдықты жоғары бағалап, толтырудың ыңғайлылығы мен жеңілдігін, сондай-ақ полиция жұмысының сапасын арттыруға өз тілектерін білдіру мүмкіндігінің  бар екенін  атап өтті.

Полицейлер үшін сауалнама деректері қызметті талдауға және жұмысқа түзетулер енгізуге қызмет етеді.

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями