Популярные темы

Бородулиха ауданындағы өртті сөндіру ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындады

Дата: 09 июня 2023 в 18:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бородулиха ауданындағы өртті сөндіру ауа райының қолайсыздығына байланысты қиындады
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында ауа температурасы шамамен 30 градусты құрайды. Бұл өртті сөндіруді айтарлықтай қиындатады, жел бағытының өзгеруі және өрттің жайылып, таралуы барлық бағытта жұмысты қиындатуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

— Өрт найзағайдың 2 рет соғуынан шыққан. Оны тез арада ауыздықтау мүмкін болмады , себебі «Семей Орманы» мемелекеттік орман табиғи резерваты техникасы сол аумақтан өте алмады. Өрт орман шаруашылығы орналасқан жерден қашықтығы 11 шақырымды алса, техника жеткенше өрт аумағы 20 гектарды құрады. Жоғары температура мен қатты желдің салдарынан өрт 2 сағаттың ішінде 200 гектар аумақты шарпыды, — деді Димитрий Гариков.

Орман өрті Успен, Поднебесное, Барышевка ауылдарына қауіп төндіретіндіктен, тұрғындар жедел түрде эвакуацияланды. Өрт 1 бос және 2 тұрғын үйге зақым келтірді. Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың мүлкін қорғау үшін оқиға орнында аудандық ішкі істері бөлімі қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта Бородулиха тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ.

Бүгінде өрт орнында 600-ден астам адам, 168 техника, 6 тікұшақ жұмыс істеуде. Көлемі 154 тонна болатын 55 рет су шашылды.

Апат орнында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің вице-министрі Марат Күлдіков, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов, Абай облысы әкімі Нұрлан Ұранхаев және басқа да барлық жауапты қызметкерлер болды.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями