Стоковые изображения от Depositphotos
Қазіргі уақытта өрттің жалпы аумағы 1500 Га құрады. Орман алқабында құрғақ шөптің жануы болуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды. Березовка шипажайы мен Березовка подхозы орнында 15 адамнан тұратын қызметкерлермен кезекшілік ұйымдастырылды, деп айтылған ресми хабарламада.
Орман өртін сөндіруге барлығы 100 бірлік техника, оның ішінде 1 өрт пойызы және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылды.
Қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдарын 133 адам л/с және 26 бірлік техникамен топтастыру жіберілді. Сондай-ақ, «Қазависпас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы Қарағанды қаласының әуежайынан ұшып шықты.
Тәулігіне 2 тікұшақпен барлығы 59 157,5 тонна су төгілді.
Өрт орнында командалық-штабтық машина (КШМ) жұмыс жасауда. Сондай-ақ, дағдарыс орталықтарында Абай облысының ТЖМ және ТЖД жедел штабтары жұмыс істейді. Сенім телефоны ашық. «Қазгидромет» деректері бойынша 24-26 мамырда Бородулиха ауданында Абай облысында екпіні 15-20 м/с дейін солтүстік-шығыс жел соғады деп күтілуде, деп қосты министрліктің баспасөз қызметінде.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 22 мамырда сағат 15:25-те Абай облысының Бородулиха ауданында, Ауыл станциясынан 7 км қашықтықта құрғақ шөптің жануы орын алып, кейіннен «Семей Орманы» мемлекеттік резерваты аумағына көшті.
Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press