Популярные темы

Ақтауда ауызашарда 16 медицина қызметкері уланып қалды

Дата: 12 апреля 2023 в 15:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ақтауда ауызашарда 16 медицина қызметкері уланып қалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақтауда ауызашарға барған 16 медицина қызметкері астан уланып қалды, — деп хабарлайдыArnapress.kz тілшісі Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Ақтауда адамдардың жаппай уланғаны туралы ақпарат тараған еді. Авторлардың айтуынша, 50-ден астам адам уланған, олардың көпшілігі дәрігерлер.

Ақтау әкімдігінің баспасөз қызметі ақпаратты растады. Баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 сәуірде қаладағы мейрамханалардың бірінде ауызашар өтіп, оған аудандар мен қаладағы емдеу мекемелерінің дәрігерлері шақырылған. Мерекелік шараға барлығы 50 адам қатысқан. Улану белгілерімен 16 адам көмек сұраған. Алты адам Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасына емделуге жіберілген.

«Науқастарда жоғары қызу, құсу, іш өту, жедел ішек инфекциясына тән интоксикация синдромы болған. Барлық қажетті шаралар қолданылып, ем жүргізіліп жатыр. Ешқандай қауіп жоқ, науқастардың жағдайы тұрақты, температурасы бірқалыпты, динамикасы оң. Барлық анализдер алынып, ем қабылдауда. Шағыммен келген кезде қан қысымы төмен болған, инфузионды терапиядан кейін жағдайлары жақсарды», — дейді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Гүлбану Нұржанова.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями