Стоковые изображения от Depositphotos
Балқашта су құбыры желісінде екі рет апат болып, қала тұрғындарының басым бөлігі сусыз қалған еді. Ал бүгін желіде балқаштықтар краннан су аққанын айтып, сүйінші хабар таратты. Бұл ақпаратты қала әкімі де растады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме.
«Жерлестеріміз бүгіндері әлі сүйінші сұрап, үйіндегі краннан аққан суық судың видеосын таратып жатыр. Бұл арада құбыр желісінде ақау орын алмас үшін су біртіндеп беріліп жатқанын баса айта кеткім келеді. Сондықтан, кімде су жоқ, уайымдамаңыздар, жақында ол болады», деп жазды Балқаш қаласының әкімі Қайрат Камзин Instagram-дағы парақшасында.
Айта кетсек, 4 сәуірде Балқаш қаласында бас сорғы станасы маңындағы магистарлды су құбыры жарылған болатын. 6 сәуірде апаттың салдары жойылғаны хабарланған. Алайда 7 сәуірде құбыр желісінде тағы апат орын алды.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press