Популярные темы

Семейдің өз «Versace» бар

Дата: 06 апреля 2023 в 18:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейдің өз «Versace» бар
Стоковые изображения от Depositphotos

Ерекше лақап атпен танымал Владимир Ротанов өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығының қызмет алушысы. Arnapress.kz  тілшісі жанына ерекше істі серік еткен азаматтан сұхбат алып, мұндай лақап атқа қалай ие болғанын біліп қайтты.

65 жастағы зейнеткер Владимир Ротанов үшін өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы туған үйіндей. Ол алаяқтардың арбауына түсіп, үйінен айырылғаннан кейін осы орталықта бірнеше жыл өмір сүріп келеді.

Әңгімеден белгілі болғандай, басына қиын жағдай түссе де, ер адам мойымай жалдамалы пәтер тауып, автобус жүргізушісі болып жұмыс істеді. Бірақ жылдар өте келе, Владмир ауыр сырқаттанып қалады, салдарынан аяғынан айырылады. Нәтижесінде жоғарыда аталған орталыққа жүгінуге мәжбүр болды.

Мұнда ол тек баспана ғана емес, күнделікті ермек тапты. Әлеуметтік мекеменің қызметкерлері мен тұрғындары оны «Versace» деп атап кетті. Себебі, тігін машинасының тілін бір-неше күннің ішінде тапқан ер азамат, орталықтың бүкіл перделері мен сол жердегі қызмет алушылардың киімін тігіп береді.

«Біреулер қалжындап Versace деп айтты. Содан бері осы лақап ат орталыққа тарап кетті (күледі ав.сөз.) Десе де, өзімді керемет шебер деп айта алмаймын. Қолымнан келгенше тігіп беремін. Ең бастысы бәрі риза. Өзімнің де ойым бөлініп, мұңға батпаймын», — дейді Владимир.

Владмирді тігін ісіне осы орталықтың бұрыңғы қызмет алушысы біраз үйретіп кеткен. Әрі қарай тігін ісінің негіздерін ғаламтордан қарады. Қайта әлеуметтену орталығында Владимирге ұнайды. Жағдай үйден де жақсы дейді.

«Орталық қызметкерлеріне рахмет. Мұнда түрлі адамдар келеді, мінездері де әр-түрлі. Барлығына бірдей қарап, тіпті еркелігімізді де көтереді. Медициналық, психологияқ көмекпен қоса, құжаттарды жөндеуге де көмектесті», — дейді зейнеткер.

Владимир біздің оталықтың шебер қариясы деп айтуға болады. Себебі, ол кісі тігіншілік өнерімен танылып кетті. Әр ісіне мұқият, еңбекқор адам. Орталыққа қажет перде, көрпе, қолғаптарды тігіп береді, — дейді орталықтың қызметкерлері.

Владимир қарттар үйіне ауысу үшін құжаттарын дайындауда. Себебі Қайта әлеуметтендіру орталығы толық мемлекеттің қарамағында болса да, бұл уақытша баспана. Мұнда белгілі бір тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарға әлеуметтік, медициналық және өзге де көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, орталықтың міндеттерінің бірі сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету және бостандыққа шыққан алғашқы күндері қоғамда әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау.

Ал Владимир Ротанов ермекке айналдырған тігін ісін Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде жалғастыратынын айтты.

Сурет: Ернур Уакасов

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями