Стоковые изображения от Depositphotos
Бүгін Семей қаласы VIII шақырылым мәслихатының сессиясы өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Сайлаудан кейінгі алғашқы сессия отырысында депутаттарға арнайы төсбелгілері мен куәліктер берілді.
Сондай-ақ, алғашқы отырыста мәслихат төрағасы сайланды.
Бұл лауазымға бірауыздан Данияр Шакаримов тағайындалды. Айта кетерлігі, бұған дейін ол қала әкімінің орынбасары қызметінде болған.
Сурет: Семей қаласы әкімдігі
По сообщению сайта Arna Press