Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды. Үкімді қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Baigenews.kz басылымының жазуынша, қорғаныс ведомствосының бұрынғы басшысы 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.
Сот іс «құпия» белгісімен қаралғанына сілтеме жасап, толық мәлімет бермеді.
Бектановқа қатысты тергеу оның қаңтар оқиғасы кезінде қызметте әрекетсіздігіне байланысты 2022 жылғы 19 ақпанда басталды.
21ақпан күні оның қамауға алынғаны жөнінде ақпарат тарады.5 қаңтар күні Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде елдің бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов заңсыз бұйрық бергенін мәлімдеді.
«Тергеуге сәйкес, ол төтенше жағдай кезеңінде көрінеу заңсыз бұйрық берген және стратегиялық объектілерді әскерилердің күзетінсіз қалдырған. Бұрынғы Қорғаныс министрі елімізде конституциялық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдамаған. Сондықтан Бектанов ұрыс жағдайында жасалған билікті асыра пайдалану бойынша айыпталуда (ҚК-нің 451-бабының 3-бөлігі). Сот оның іс-әрекеттеріне түпкілікті баға береді және оның жазасын анықтайды.ҚР бас прокуроры Берік Асылов
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі
По сообщению сайта Arna Press