Стоковые изображения от Depositphotos
Есірткі сатудың жаңа тәсілі — байланыссыз тәсілі өзінің «кеңінен танымдылығын» иеленуде есірткі сатушы және тұтынушы жеке жүзбе — жүз кездеспейді, есірткі құпия салып кетудің көмегімен беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есірткі сатушы тұтынушыдан тапсырыспен SMS хабарлама алады, ал есірткі сатушы өз кезегінде оған электронды шоттың нөмірін жібереді, ақшалай қаражат түскеннен кейін, есірткі жатқан құпия жердің координаттарын жібереді.
Осылайша, қылмыскерлер біздің тұрғындардың денсаулығына қарсы және адамгершілікке қарсы қылмыстық әрекет үшін жазасыз қалады.
Әлеуметтік желілер арқылы жеңіл жолмен ақша табу жолын іздеуде олар есірткі және психотроптық заттарды тарату бойынша курьердің жұмысын ұсынған адамдарды табады.
Тапсырыс берушілер қашықтан жұмыстың мәнін түсіндіреді, нұсқаулықтар береді.
Мысалы, соттың үкімімен «Telegram» қосымшасына пайдалану арқылы есірткі сатуға қатысуы үшін 1998 ж.т. азамат Н., а.ж. 22 ақпанда 10 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.
2022 жылдың мамырында азамат Н. «OLX» қосымшасы арқылы «kirillAbrom0vich» логинді бейтаныс адаммен танысқан, ол «Telegram» қосымшасы арқылы есірткі заттарын сату бойынша жұмыс ұсынған. Бейтаныс адам оған жасырған есірткі құралдарының орналасқан жері туралы хабарлама жіберген, азамат Н. оларды алып, бөлшектеп өлшеп ораған және қаланының әр жерлеріне салып қойған және фото есеп жіберген.
Сурет: pulse19.ru
По сообщению сайта Arna Press