Популярные темы

Абай облысының әкімдігі медициналық нысандарды салу жоспары туралы айтты

Дата: 26 января 2023 в 18:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының әкімдігі медициналық нысандарды салу жоспары туралы айтты
Стоковые изображения от Depositphotos

Абай облысында денсаулық сақтау нысанында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы қолға алынуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Бұл туралы брифингте Абай облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Айдын Бегімбеков мәлім етті.

Үржар ауданындағы Қаратума ауылдық округінде дәрігерлік амбулаториясы әкімшілік ғимаратының құрылысы өтуде, жыл соңына қарай қолданысқа берілмек.

«Сонымен қатар Үржар балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы қолданыстағы 2 қабатты ғимаратты кеңейту жоспарда бар. Денсаулық сақтау нысандарының 11 жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге жергілікті бюджеттен ақша бөлінді. Алда 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарлануда», – деді  Айдың Бегімбеков.

Олардың ішінен:

2023 жылы: 57 алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарлануда:

2024 жылы: 8  алғашқы медициналық-санитарлық көмек нысанын салу жоспарлануда:

Фото: Vostock-photo

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями