Популярные темы

Түркістан облысының тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіленді

Дата: 26 декабря 2022 в 12:48


Түркістан облысының тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіленді
Стоковые изображения от Depositphotos

Кентау тұрғынынан 16 калибрлі шолақ мылтық тәркіленді, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде үйінде атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтаған Кентау қаласының тұрғынын анықтады. 

«Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер күдіктінің үйінде шұғыл тінту іс-шараларын жүргізіп, оның шаруа қожалығынан 16 калибрлі шолақ мылтық пен оқ тәркіледі. Алынған заттай дәлелдемелер сараптамаға жіберілді», − деп хабарлайды полиция департаменті.

Полицейлер бұл жайтты ҚР ҚК-нің 287-бабы (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеді. Бүгінгі күні қаруды заңсыз сақтау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы анықталады.

Фото: Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями