Стоковые изображения от Depositphotos
Қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы Дархан Сейтханов қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша тендер қорытындысы неге тағы кешіктірілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Семей тағы да қоқысқа «батып» жатыр: контейнерлер аузы-мұрынынан қалдыққа толы, ал қоқыс алаңдары бірнеше апта бойы тазаланбайды. Бұл тарифтің өсуіне қарамастан, қатты тұрмыстық қалдықты шығаратын компаниялардың жұмыс сапасы.
«Иә, біз тарифті көтердік, сонымен бірге техниканы жаңарту қажет деген шарт қойдық. Компаниялармен сөйлесу кезінде, олар техниканың тоқтап қалатынына шағымданған. Жаңа жылдан бастап қатты тұрмыстық қалдықты шығару жүйесі өзгереді. Қала 11 секторға бөлініп, әрқайсысы бойынша өзінің қоқыс шығаратын компаниясы жұмыс істейтін болады. ҚТҚ шығару мәселесі бақылауда», − деп сендірген7 желтоқсанда халықпен онлайн-кездесу барысында Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Демек, жаңа жылға дейін бұл мәселе әкімдіктің құзыретінде емес. Шенеуніктердің айтуынша, қазір олар тек ескертулермен және жұмысты күшейту туралы өтініштермен шектеледі. Десек те, қоқыс шығару жұмысын бақылауды күшейту мәселесі жаз уақытынан бері айтылып келе жатыр.
«Тұрғындар мен қоқыс шығаратын компаниялар арасында келісім жасалды, бірақ бізде әлі бақылау шарттары жоқ. Байқау бойынша келісім болады, сол құжатта оны орындаудың нақты шарттары көрсетіледі. Орындалмаған жағдайда шартқа сәйкес нақты шаралар қабылданады», − дейді ТҮКШ бөлімінің басшысы Дархан Сейтханов.
Семей әкімдігі қалада коммуналдық қалдықтарды шығаруға тендерді 15 қыркүйекте өткізу керек болатын. Алайда, «техникалық себептерге» байланысты тендер 30 қыркүйекке дейін ұзартылды. Бірақ, қорытынды сол беті шықпады. Қазан айында ТҮКШ бөлімінің басшысы лауазымына Дархан Сейтханов келді. Бұрынғы сәйкессіздіктер үшін ол жауап бермейтінін айтты, бірақ Arnapress.kz тілшісіне берген сұхбаты барысында ҚТҚ шығаруға арналған тендер қорытындысы 11 қарашада жарияланады деген. Алайда қазір желтоқсан айының басы болды.
«ҚТҚ шығару бойынша байқау әлі аяқталған жоқ, өйткені қатысушылар өтінішпен қосымшаларды дұрыс бере алмауда. Жаңа жылдан бастап ҚТҚ шығарудың жаңа тәсілі аясында жұмысты бастауды жоспарлап отырмыз», − деп жауап берді Дархан Сейтханов.
Қорытындылай келе, қала тұрғындарының шағымдарына жауап ретінде әкімдік тек қана ескерту жасай алатыны белгілі болды. Айта кетерлігі, жақында «Семей Тазалық» кәсіпорнының басшылығы ТҮКШ бөлімінен ескерту алды.
Фото: Arnapress.kz
По сообщению сайта Arna Press