Популярные темы

Семей қаласында «Мен қазақша сөйлеймін» атты акция өтті

Дата: 18 ноября 2022 в 16:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семей қаласында
Стоковые изображения от Depositphotos

Семей қаласында «Мен қазақша сөйлеймін» атты акция өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласының әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты, тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен өткен акцияның мақсаты − қала тұрғындарын мемлекеттік тілді оқыту курсына шақыру.

«Акция барысында сауда орталықтары, дүкендер, мекемелер қамтылды. Қала тұрғындарына арнайы үш тілде жасалған Орталық туралы мәліметтер жазылған буклеттер мен «Қазақша – орысша тілдескіш» сөздік таратылды. Тілдескіш сөздікте күнделікті қарым-қатынаста жиі қолданылатын сөйлеу үлгілері, сөз тіркестері мен сөйлемдер жинақталған, – деп хабарлайды Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі.

Акция аясында 1200-дей қала тұрғынына түсінік жұмыстары жүргізіліп, ақпараттар берілді.

Фото: Семей қаласының әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями