Популярные темы

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік: Бас прокуратура мәлімдеме жасады 16 февраля 2022, 21:14

Дата: 16 февраля 2022 в 21:23 Категория: Происшествия


Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік: Бас прокуратура мәлімдеме жасады
                16 февраля 2022, 21:14
Стоковые изображения от Depositphotos

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін бүгінде барлығы 3096 соталды тергеу тіркелген. Бұл туралы бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қилымжановтың айтуынша, олар негізінен бұзақылық және қаруды жымқыру қылмыстары.

«Арнайы прокурорлардың басқаруымен ведомствоаралық тергеу тобы азаматтарға күш қолдану, бизнес нысандары және жеке мүлікті қирату, билік өкіліне қарулы қарсылық көрсетулер болған. Алайда, жеке тұлғалар халық арасында үрей, мен қорқыныш туғызу және мемлекеттік органдардың қызметін тоқтату үшін мақсатты түрде әрекет етті. Бұл үшін олар мемлекеттік биліктің символы ретінде әкімдік ғимараттарына шабуыл жасады, сондай-ақ құқық тәртібі күштерінің объектілерін қоршауға алып, оларға шабуыл жасады. Сондықтан Қылмыстық кодекстің 255-бабына сәйкес мұндай әрекеттер терроризм актілері ретінде сараланады», — дейді Қилымжанов ОКҚ брифингінде. 

Оның айтуынша, қылмыскерлердің құқық қорғау органарының ғимараттарын басып алудағы негізгі мақсаты — атыс қаруын иемдену болған.

«Атап айтқанда, Алматы облысында Полиция департаменті ғимаратынан 53 автомат, 367 тапанша, 1 гранатамет, 23 мыңнан аса патрон ұрланған. Жамбыл облысында 209 автомат, 134 тапанша, 11 гранатамет және 40 мыңға жуық патрон ұрланды. Алматы резиденциясындағы қиратулардан кейін 130 бірлік қару мен оқ-дәрі жетіспейтіні анықталды. Оның ішінде, 80 граната, 17 тапанша, 11 автомат, 21 гранатамет және снайпер мылтығы. Сонымен қатар, 10 аңшылық дүкені тоналды. Ол жерден 1629 мылтық ұрланды. Жалпы үш мыңнан аса қару ұрланған. Оның 967-сі ғана табылды. Екі мыңнан аса қару әлі де қылмыскерлердің қолында. Ол бойынша соталды тергеу және ұрланған қаруды іздеу жұмыстары жүріп жатыр», — деді ол. 

Елдос Қилымжановтың сөзінше, барлық қылмыстық іс бойынша 741 күдікті сот санкциясымен қамауда.

«Оның ішінде, 113-і бұрын сотталған, 42-сі тыйым салынған экстремистік ұйым мүшесі және 35-і ұйымдасқан қылмыстық топ өкілдері. Сонымен қатар, қамауға алынғандардың жеке басы зерттелген. Негізі жалпы бұқарада олар жоғары білімі және тұрақты жұмысы жоқ, 30 жасқа дейінгі адамдар», — дейді Қилымжанов. 

Жеке басын, денсаулығын және өзге материалдарды ескере отырып 157 адам қолхатпен босатылған. Одан бөлек, құқық қорғау органдарының заңсыз әрекеттеріне қатысты өтініштерді тексеруге ерекше көңіл бөлінген. 

«Бүгінде осыған қатысты 303 арыз түскен. Тергеу барысында рұқсат етілмеген әдістер туралы 178 қылмыстық іс бар. Арнайы прокурорлар 8 қылмыстық істі қолға алған. Оның ішінде, Атырау қаласындағы «Динамо» стадионында ұсталғандармен болған оқиға, Алматы облысындағы полиция ғимаратындағы Батырбаевтың, кәмелет жасқа толмаған Есболатұлының арыздары және өзге де қоғамдық резонанс тудырған деректер бар», — деді Қилымжанов. 

Оның сөзінше, әрбір қылмыстық іс бақылауда. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Происшествия
Поделитесь новостью с друзьями