Популярные темы

Алматыда коронавирус жұқтыру дерегі бір аптада 40 пайызға өсті 31 января 2022, 15:11

Дата: 31 января 2022 в 15:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алматыда коронавирус жұқтыру дерегі бір аптада 40 пайызға өсті
                31 января 2022, 15:11
Стоковые изображения от Depositphotos

Алматыда коронавирусқа байланысты ауру өткен аптамен салыстырғанда 40 пайызға өсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты. 

«Қаңтарда коронавирус алдыңғы аптамен салыстырғанда 40 пайызға, ал жыл басынан бері 18 есе өсті», — деді ол ӨКҚ брифингінде.

Одан бөлек, Әсел Қалықова қай жастағылар коронавирусты көп жұқтырып жатқанын айтты. 

«Науқастардың жас мөлшерін талдау бойынша 20-39 жас аралығындағы адамдардың үлесі 40 пайыздан 35 пайызға дейін төмендеді, бірақ бұл жас санатындағылар ең жоғары болып қала береді. Олардан кейінгі жас контингенті — 40-59 жас аралығындағы адамдар — 26 пайыз, 60 жастан асқан адамдар — 22 пайыз», — деді Әсел Қалықова. 

Еске салайық, бүгінде эпидахуалды бағалау матрицасы бойынша Алматы қаласы «қызыл» аймақта. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями