Семейде Ауған соғысының жауынгерлерін еске алды

Дата: 17 февраля 2025 в 12:38

Семейде Ауған соғысының жауынгерлерін еске алды

Семейде Ауған соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл қою рәсімі өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Абай облысының Ішкі Саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковнигі Жеңіс Маралов, Қорғаныс істері департаментінің бастығы полковник Руслан Омаров, ардагерлер және қала тұрғындары қатысты.

Жиналғандар майдан даласында ерлікпен қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Соғысқа 10 жыл ішінде 22 мыңнан астам қазақстандық қатысты, оның ішінде 500-ге жуық адам Семей қаласынан болды. Бүгінде қаламызда 357 ауған соғысының ардагері бар. Сол бір отты жылдардың жарасы олардың жадында мәңгі сақталары сөзсіз.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press