2024 жылы Абай облысында осы қауіпті құқық бұзушылық үшін 21 633 жүргізуші жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
«Бағдаршамның қызыл түсіне өту – бұл жай ғана ереже бұзу емес, ол жолдағы өмір мен қауіпсіздікке нақты қауіп төндіреді. Алайда көптеген жүргізушілер асығу немесе ережелерді елемеу арқылы қызыл жарықта өтіп кету тәуекеліне барады», — делінген ПД таратқан хабарламада.
Биыл Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 599-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қызыл жарыққа өту немесе реттеушінің белгілерін елемегені үшін 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Егер бұл бұзушылық бір жылдың ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері 15 АЕК-ке (58 980 теңге) дейін өседі. Абай облысы Полиция департаменті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бар күшін салып жатыр.
«Бұл шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығын, сондай-ақ олардың мүліктерін қорғауға бағытталған. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, себебі секундтық ереже бұзу ауыр салдарға әкелуі мүмкін», — деп жазды ПД баспасөз қызметі.
Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press