Әлеуметтік желілерде қазақстаның әуежайларында ұмыт қалған немесе жоғалған чемодандарды сату туралы ақпарат тарады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Онда «қайырымдылық шарасы» аясында талап етілмеген багаж бар болғаны 1099 теңгеге сатылатыны туралы айтылған. Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежайдың баспасөз хатшысы Науат Айтуғанова бұл ақпаратты «алаяқтық әрекет» деп атады.
«Бұл ақпарат – жалған. Астана әуежайы ешқашан ұмытылған немесе жоғалған багажды сатқан емес», – деп жазды баспасөз хатщысы Facebook әлеуметтік желісінде.
Әуе айлағының өкілі айтқандай, ұмытылған багаж әуежай қоймасында 30 күн сақталады. Егер иесі табылмаса, багаж бастапқы жөнелтілген мекенге қайтарылады.
Сондай-ақ, Instagram әлеуметтік желісінде танымал брендтердің және онлайн-дүкендердің қоймаларындағы тауарларды сату туралы жарнамалар пайда болды.
Сурет: әлеуметтік желілерден скриншот
По сообщению сайта Arna Press