Семейде қала әкімінің шыршасына 150 бала қатысты

Дата: 26 декабря 2024 в 17:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бүгін Семей қаласы әкімі атынан 150 балаға арналған жаңа жылдық шырша мерекесі өткізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қала әкімінің шыршасына қатысушылар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балалар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан, шығармашылықта, сонымен қатар өнерде жетістіктерге жеткен дарынды балалар қатысты.

Жаңа жылдық қойылым екі бөлімнен тұрды. Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы қызметкерлері дайындаған, балалар шығармашылық ұжымдарының қатысуымен театрландырылған, музыкалық сүйемелдеумен жаңа жылдық қойылымды тамашалады.

Сондай-ақ, балалар жаңа жылдық шыршада Аяз Ата және Ақшақармен би биледі. Сонымен қатар, шара барысында қала әкімінің атынан балаларға сыйлықтар жиынтығы үлестірілді.

Сурет: автордікі 

По сообщению сайта Arna Press