2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер өседі

Дата: вчера в 12:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

1 қаңтарынан бастап Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер өседі, —  деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәтінде былай делінген:

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынған әлеуметтік төлемдер сомасының 6,5 пайызына ұлғайтылсын.

Қаулы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

Қазақстанда 2024 жылдың қарашасында әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түліктің 13-інің бағасы өскенін жазғанбыз.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press