Үржар ауданы, Қарақол ауылының 3-сынып оқушысы Айша Дәлелхан бақбақ гүлінен түрлі өнімдер жасауда. Ол жетекшісімен бірге халық медицинасында қолданылатын бақбақтың емдік қасиеттерін терең зерттеп, оны тағам ретінде қолдану мүмкіндіктерін көрсетуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоба барысында Айша бақбақтың ерекшеліктері мен пайдасын ашып, жапырақтарынан пайдалы салат жасап, гүлдерінен табиғи бал және тәтті тосап әзірлеуді үйренді. Бақбақ гүлінің теріге, асқазанға, бүйрекке және басқа ағзаларға пайдалы әсерін анықтап, өз зерттеулерін дәлелдеді.
Бақбақтың жапырақтарынан салат жасап, оның дәмін отбасымен татып көрді. Сонымен қатар бақбақ гүлінен жасалған табиғи бал ас қорыту жүйесін жақсартуға және иммунитетті нығайтуға әсер ететінін атап өтті.
Бұл жоба Айшаның зерттеушілік қабілетін дамытып, өсімдіктердің дәрілік қасиеттеріне қызығушылығын арттырды. Зерттеу қорытындысы бойынша, бақбақ гүліне арналған шағын кітапша құрастырылды, онда өсімдіктің медицина және тағам саласындағы мүмкіндіктері сипатталды.
Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press