«Қарасора» және «Учаске» ЖПІШ барысында полицейлер Семей қаласының маңындағы қараусыз қалған үйден үш қорап есірткі тауып алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер күдіктіні анықтады, ол бұрын сотталған 40 жастағы семейлік болып шықты.
«Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 66 келіден астам кептірілген марихуана екені анықталды. Қара нарықта мұндай есірткінің құны шамамен 10 миллион теңгені құрайды. Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», делінген ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция қызметкерлері қылмыстық іс бойынша айыпталушылардың қылмыстық әрекеттерінің барлық эпизодтарын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруда.
Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Сурет: pixabay
По сообщению сайта Arna Press