Абай облысынының аумақтық қорғаныс бригадасында арнайы тактикалық оқу-жаттығулар өтіп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Абай облысының әкімдігімен ұйымдастырылған жиында облыстың бірқатар аудан, қалаларынан шақырылған жүзден аса запастағы офицер, сержант, қатардағы жауынгерлердің он күн бойы дайындық деңгейі пысықталады.
Айта кетерлік жайт, оқу-жаттығуға әскери борышын бұрын-соңды өтемегендер де қатысып, тұңғыш рет әскери тәртіпке мойынсұнды. Олар оқу-жаттығудың ашылу салтанаты барысында Отанға адал болуға Әскери ант қабылдады .
«Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғандай, өз Отанын қорғау — әрбір азаматтың қасиетті борышы және парызы. Сондықтан, мұндай оқу-жаттығұдың басты мақсаты – аумақтық қорғаныс әскерлерінің кәсіби деңгейін және іс-қимыл үйлесімділігін арттыру. Яғни, бұндай жиындарды аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға, сондай-ақ кез-келген төтенше жағдайға дайындықты күшейтуге бағытталған маңызды шара деп айта аламыз. Жалпы, оқу-жаттығу барлық қауіпсіздік талаптарына сай ұйымдастырылып отыр», — деді Абай облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасының басшысы Ақылжан Ақылбеков
Оқу-жаттығу 16-25 қыркүйек аралығында өтуде. Оның барысында жиынға шақырылған әскери міндеттілер тактикалық және жауынгерлік шеберліктерін шыңдап, стратегиялық маңызы бар нысандарды қорғау сияқты түрлі сценарийлерге сәйкес қорғаныс іс-қимылдарын үйренуде.
Сурет: Абай облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы
По сообщению сайта Arna Press