Доллардың 13 маусымдағы бағамы белгіленді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,16 теңгеге көтеріліп, 451,38 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 13 маусымдағы ресми бағамы — 451,77 теңге.
kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 451,04 теңгеге, сатылымы 452,54 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449,02 теңгеден сатып алынып, 454,10 теңгеден сатылып жатыр.
Еске салайық, 12 маусымда KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 1,82 теңгеге көтеріліп, 451,77 теңге болды.
Сурет: depositphotos.com
По сообщению сайта Arna Press