Криминалдық полиция қызметкерлері ресейлік әріптестерімен бірге Ресей Федерациясының Грозный қаласында тұратын 55 жастағы ер адамды ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Тергеу мәліметтері бойынша, 1998 жылдың тамызында Павлодар қаласында күдікті тапанша мен балта қолданып, екі ағайындыға қарақшылық шабуыл жасап, Nissan маркалы екі көлікті иемденген.
«Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кетті», – дейді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Қазақстан Республика Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес «адам оның кінәсі заңды күшіне енген соттың үкіммен танылмағанша, осы уақытқа дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп саналады».
Сурет: ҚР ІІМ
По сообщению сайта Arna Press