Төтенше жағдай Керей Жәнібек хандар мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында болған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті зардап шеккендер жоқ екенін айтты.
«9 мамыр күні сағат 11:36-да Астана қаласы, Есіл ауданы, Керей Жәнібек хандар және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында орналасқан LRT құрылыс объектісінде ZOOMLION автомобиль кранының құлауы туралы ақпарат түсті. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Бұл жерге Астана қаласы бойынша ҚР ТЖМ БЖКБ басшылығы барды. ZOOMLION автокөлік краны China Railway Asia-Europe Construction Investment компаниясына тиесілі. Апаттың алдын-ала себебі — шамадан тыс жүктемеден болған. Автокөлік краны есепте тұрмайды, жұмысқа рұқсат алған жоқ. Нәтижелер туралы қосымша хабарланатын болады. Апатты тергеу үшін комиссия құрылады», — делінген хабарламада.
Сурет: Aibek Imankozhoyev
По сообщению сайта Arna Press