2024 жылғы 1 ақпанда 262 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
2024 жылғы 1 ақпанда 49,7 мың отбасындағы 262,3 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 75,9 млрд теңге қарастырылған.
Бұрын хабарланғандай, АӘК-тің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару.
АӘК мыналарды көздейді:
Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады.
Сурет: egov.kz
По сообщению сайта Arna Press