Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров некелескісі келетін қазақстандықтарды отбасы психологиясына үйрету жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қайрат Қамбаров жастарды қолдау шараларына тоқталды.
«Қазір жастарды некеге тұрғанға дейін кем дегенде бір ай оқыту шарасы қарастырылып жатыр. Тәлімгерлер мен психологтар оқытады. Олар некеге тұруға ниет білдірген осы санаттағы азаматтармен жұмыс істейді. Әзірге бұл тек қарастырылып жатыр, әлі бекітілген жоқ», — деді ол.
2023 жылдың 17 қаңтарында Мәдениет және ақпарат министрлігі Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықты орналастыру қорымен (ЮНФПА) бірлесе отырып, Астана және Шымкентте неке қиюды тіркеуге өтініш білдірген азаматтарға некеге дейін тегін кеңес беру және оқыту бойынша пилот жобаны іске қосқаны хабарланды. Жастарды отбасын жоспарлау және отбасы психологиясы, репродуктивті саулық, отбасы бюджетін жоспарлау және басқа да маңызды мәселелер бойынша оқытқысы келеді.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press