Қазақстанда 220 триллион теңгенің қаржылық операциялары тексеріліп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде ауқымды жұмыс аясында 344 жылжымалы және жылжымайтын мүлік нысаны, соның ішінде шетелде 131 нысан анықталғаны айтылды. Жалпы құны 448 миллиард теңге құнды қағаздар бойынша мәлімет алынды. Сомасы 220 триллион теңге болатын банк операциялары, оның ішінде 1,4 триллион теңге болатын күмәнді операциялар тексеріліп жатыр.
«Біздің ортақ міндетіміз – заңсыз иемденілген активтерді қайтаруды қамтамасыз ету және оларды қоғам мен мемлекет игілігі үшін пайдалану», — деді Әлихан Смайылов.
Сурет: depositphotos.com
По сообщению сайта Arna Press