Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен бірге ЖЭО-3 құрылысы жобасын жүзеге асыру мәселесіне қатысты кеңес өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында жобаны жүзеге асырудың орны мен кезеңі талқыланды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың тапсырмасына сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭО-3 құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу рәсімін бастады. Байқау қорытындысы нәтижесінде жобалаушы ретінде «СТРОЙИНДУСТРИЯ» ЖШС таңдалды. Бүгінгі таңда Абай облысы әкімдігінің мүдделі басқармасы, ұйымдар, «Самұрық-Энерго» АҚ және Жобалаушыдан жедел жұмыс тобы құрылып, жоспарланған ЖЭО құрылысының учаскесі туралы шешім қабылданды. Ол сол жағалау, Степной ауданында орналасады деп жоспарланған.
Сондай-ақ облыс әкімдігі техникалық параметрлер негізінде ұсыныс енгізді, оған сәйкес жаңа ЖЭО-ның электр және жылу қуаты 360 МВт және 1200 Гкал/сағ болуы тиіс.
Сонымен қатар, Семей қаласының Бас жоспарын әзірлеу барысында қаланың электр және жылу энергиясына деген қажеттілігін анықтау жоспарлануда. Қазіргі таңда «Семей қаласындағы ЖЭО-3 құрылысы» жобасы техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу сатысында.
Айта кетейік, 2023 жылғы 9 қарашада Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасында Семей қаласында ЖЭО салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандум жасалды. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ мен «Интер РАО-Экспорт» арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
Сурет: Arnapress.kz, Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press