«Қазақмыс» компаниялар тобы 2023 жылы 26 желтоқсанда Ұлытау ауданындағы «Жыланды» кенішінде болған қайғылы оқиға туралы хабарлады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
«Сағат 18:30-да «Шығыс Сары-Оба» шахтасы учаскелерінің бірінде жерасты өздігінен жүретін машинаны жұмыс орнына алып бара жатып, жүргізуші абайсызда 1992 жылы туған жүргізушіні қағып кеткен. Нәтижесінде қызметкер ауыр дене жарақатын алып, қаза болды. Апаттың мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр», — делінген компания таратқан хабарламада.
«Қазақмыс» компаниясының басшылығы мен еңбек ұжымы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Фото:depositphotos.com
По сообщению сайта Arna Press